фото The Qazaq Times

«Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліске Түркістан облысынан 7 үміткер тіркелген болатын. Оның үшеуі партияның төменгі палатаға баратын депутаттар тізіміне енді. Олар:

1. Құдайберген Төлепұлы ЕРЖАН
2. Қайнар Бегалыұлы АБАСОВ
3. Сырым Махамбетұлы ЕРТАЕВ

Түркістан облысы атынан Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Нұр Отан» партиясы атынан тіркелген Ұлжанат Жұрымбетова, Гүлжан Құрманбекова, Мөлдір Бақытжанова мен Хайрулла Қожабаев тізімге енген жоқ.

Еске салсақ, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған болатын.