Nur Otan партиясы – ең көп мандатқа ие

119
фото Kazgazeta.kz

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жариялады. Нәтиже бойынша ҚР Парламент Мәжілісіне үш партия өтті. Nur Otan партиясы – ең көп мандатқа ие болды.

Мәжіліске үш партия, яғни, Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан халықтық партиялары өтті.

Аталған партиялардан бөлінген депутаттық мандаттар келесідей:

Nur Otan партиясы – 76 орын;

Қазақстан халық партиясы – 10 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 12 орын.

Сонымен қатар, Мәжіліс құрамында Қазақстан халықтары Ассамблеясы атынан  9 депутат сайланды.