Шымкент: Жаңа жылда 303 сәби дүниеге келді

247

Шымкент қаласында жаңа жылдық 1 қаңтарға өткен түні 69 сәби өмір есігін ашты. Сәбилердің 34 ұл, 35 қыз бала. Ал 4 қаңтарға дейін екі перзентхана мен бір перинаталды орталықта дүниеге келген сәбилерден қыздың саны ұлдан басым болып отыр. Төрт күн аралығында туылған 303 сәбидің 142 ұл, 161 қыз бала және 1 егіз бар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32 балаға артқан.

Әсіресе қалалалық перзентханада туған нәрестелер саны басым. Төрт күнде 77 ұл бала, 49 қыз, жалпы 126 сәби өмір есігін ашқан. Шаһарда 2021 жылдың алғашқы егізі де осы перзентханада дүниеге келді. Егіз қыздардың бірі 2800 грамм, екіншісінің салмағы 2625 грамм. Қазір ана мен балалардың жағдайы жақсы, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Қалалық перинатальды орталығында дүнеге келген сәбилердің ұл балалар саны басым. 91 сәбидің 51 ұл, 40 қыз бала.

Сонымен қатар, №2 қалалық ауруханаға қарасты босану үйінде 1-4 қаңтар аралығында 68 сәби дүниеге келген. Оның 34 ұл, 34 қыз.

Айта кетейік, қаладағы барлық үш перзентханада оқыс оқиғалар мен келеңсіз жайттар орын алмаған.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі