Шымкент қаласында барлық тұрғын алаптар мен шағынаудандарды қамтитын жаңа маршруттық желі әзірленіп, бекітілді. Бүгінде қалада 68 бағыт қызмет көрсетеді. Жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, бағыттардың саны 78-ге дейін артады. Сызба бойынша қаланың барлық бөліктерін жолаушылар бағыттарымен байланыстыратын 6 HUB анықталды.
Бүгінде шаһарда тұрғын алаптар қоғамдық көліктермен қамтылып, бірқатар мәселелер оң шешімін тапты. Атап айтқанда, Солтүстік саяжай шағынауданына (№ 108а жаңа автобус), Қайнарбұлақ (саяжай) шағынауданы (№ 70 автобус), Құрсай шағынауданы (№ 21 автобус), Ынтымақ- 2 шағынауданы (№ 55 автобус), Асар, Ақжайық шағынауданы (№108 автобус), Жалын, Жұлдыз, Қарабастау тұрғын алабы (№191 автобус), Агроферма шағынауданы (№ 96 автобус маршрут) және Қайтпас шағынауданына (№ 42 жаңа автобус) жаңа автобустар қатынауда.
Биыл әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жүргізіледі. 2020 жылы 5,7 млрд теңгеге 28 маршрут субсидияланған. 2021 жылы 36 бағытқа (9,3 млрд теңге) субсидия төленеді.