2020 жылы Шымкент қаласында 31 мың 445 бала дүниеге келген. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 342 балаға артық.

Медицина мамандарының айтуынша, үшінші мегаполисте күніне орташа есеппен 120 сәби туылады. Яғни, әр он минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады.
Айта кетейік, демографиялық өсімі жақсарған қалада 2020 жылы туылған сәбилердің арасында егіздер мен үшемдердің де өсуі байқалады. Өткен жылы 274 егіз және 6 үшем дүниеге келген.