Шымкентте парақорлар көшін медицина мамандары бастап тұр. Осылай деген қала жауаптылары бүгін жемқорлықты жою үшін жиын өткізді. Сөздерінше, саладағы бармақ басты көз қысты әрекет әсіресе пандемия кезінде күшейген. Осылай деген шенеуніктер енді медицина мамандарының айлығын көтеру керек дейді.
Қаланың бас дәрігері науқасты емдеу үшін ауызбастырық алудан тайынбайтындардың азаймай тұрғанын айтады. Шықырлаған ақша көрмесе ауруға қарамайтын мамандардың барын қала әкімі де біледі екен. Мұрат Әйтенов мұны көп ұзамай тоқтату керек дейді.
Медицинадағы парақорлықтың тағы бір ордасы — анықтама орталығы. Осылай деген қала әкімі медициналық анықтаманы оңды-солды тарататындардың да көзін жою керек дейді. Еске сала кетейік, биыл қала бойынша 2 емхананың бас дәрігері сотталған болатын. Олар пара алу және мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін 4 жылдан 7 жылға дейін мерзім алды.
Көп ұзамай медицина мамандары да жұмысқа портал арқылы қабылданады. Осылай деген қаланың бас дәрігері ол үшін HR-Process сайты әзірленіп жатқанын айтты. Басшылар сөзінше бұл жұмысқа прамен кіруді тоқтатады.
Назерке Үкібасова