Шымкенттегі инфрақұрылымдық жұмыстар жоғары деңгейде орындалды

96

2020 жыл пандемия көптеген жоспарлардың жүзеге асырылуына салқынын тигізбей қоймады.

Дегенмен, Шымкентте құрылыс жұмыстары тоқтамады. Бұл жылы инфрақұрылымдық дамыту жұмыстары үздіксіз әрі қарқынды жүргізілді.

2020 жыл ешкімге де оңай жыл болмады. Алайда КОВИДКЕ қатысты қиындықтарға қарамастан ол жаман болған жоқ. Шымкент республикалық маңызды қалалар мәртебесінде инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асыруды жалғастырды.

Бұл мақсатта мегаполиске республикалық бюджеттен қомақты қаражат 42 млрд — тан астам теңге бөлінді. Коронавирус пандемиссына байланысты енгізілген карантинге қатысты құрылыс, коммуналдық шаруашылық салаларында жұмыстар тоқтатылмады.

Көктемде Шымкенттегі Ю. Гагарин, Т. Рысқұлов көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмыстары бастауын алды. Д. Қонаев даңғылы, Түркістан мен А. Байтұрсынов көшелерінде құрылыс жүргізіліп, барысында ирригациялық жүйелер, жол жиегі, жаяу жүргіншілер жолы жаңаланды.

Сондай-ақ, Республика даңғылындағы жер асты өткелінің құрылысы аяқталды. Мердігерлер нысанды жарты жылдың ішінде салып бітірді. Мұнда тәулік бойы жарықтандыру жүйесі қарастырылып, туннель қас бетінің дизайны мүлдем өзгерген.

Республика даңғылында жолмен бірге көпқабатты үйлердің де қасбеттері жаңаланды. Қаланың кәсіпкерлері бірігіп, шаһарға осындай тарту жасады. Оған қоса, аудандық әкімдіктер аулаларды абаттандырып, заманауи үлгідегі спорт және балалар алаңшаларын салып, тұрғындарды бір қуантты.

Қала жылдан жылға көркейіп, жаңа тұрғын үйлер бой көтерді. Жол картасы аясында Шымкентте 224 жоба жүзеге асырылды. 35 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға, 34-і инженерлік-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, 14 пайызы тұрғын үй- коммуналдық саласына бағытталды.

Жолаушылар тасымалдаушы жаңа автобустар қатары толығып, жаңа бағыттар пайда болды. Ал қарашада «Төлем» электрондық билет жүйесі енгізілді.

Коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтпекпіз. Өйткені карантин кезеңінде олар жұмыстарын жалғастырып, қаланың көркеюіне, таза болуына ат салысты. Пандемия кезеінде А. Байтұрсынов көшесіндегі гүлзар аяқталып, бүгінде ол шымкенттіктердің сүйікті демалатын орнына айналған. Ал, Әл-фараби алаңындағы гүлзар қаланың келбетін ажарландыра түсті.
Жыл аяқталды, қорытынды жасалды. Әрине, баршамыз пандемия, карантиннің 2020 жылда қалып, жаңа Сиыр жылы жағымды жаңалықтарға толы болғанын қалаймыз.

Шынар Оразова