Шымкенттік полицей қар күреп жүр

266

Шымкент қаласы Полиция департаментінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына тәртіп сақшысына алғыс атқан видеожазба келіп түсті.

Аталған бейнежазба Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің 11-рота полиция сержанты Нұрпопа Нүркен Д. Қонаев даңғылының бойында қар тазалап жүрген егде жастағы жұмысшыға көмек көрсетіп жатқаны түсірілген.

Нүркен Нүрәліұлы сағат 12:30 және 14:30 уақыт аралығында көше қиылысында бағдаршам бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару кезінде егде жастағы қар тазалаушыға көмек көрсетіп, жолды мұздан тазалауға жәрдем берген.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласының Полиция департаменті