Жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайларға өтінімдер қабылданады

276

Өтінімдер:

-Жұмыс істейтін және 29 жасқа толмаған;
-Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде тұрған;
-Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйге соңғы 2 жылда меншік құқығы тіркелмеген;

-Ай сайынғы табысы 40 АЕК (116 680 теңге) кем емес жастардан қабылданады.
Тұрғынжайлар сатып алу құқығынсыз 5(БЕС) жыл мерзімге жалға беріледі.
Пәтерлер саны – 300 дана (1-бөлмелі-195 дана, 2-бөлмелі-105 дана).
Қабылдауды бастау: 2021 жылғы 25 қаңтар 00:00 сағ.
Қабылдауды аяқтау: 2021 жылғы 27 қаңтар 00:00 сағ.

Құжаттарды қабылдау shymkent-baspana.kz порталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) білімі туралы құжат;
4) неке қию туралы куәлік (бар болса);
5) балалардың туу туралы куәлігі(бар болса);

6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7) жұмыс орнынан анықтама;

8 )өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
9)еңбек кітапшасы мен зейнетақы қорының анықтамасы (соңғы 6ай);
10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).