Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Аталмыш іс-шара Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығында» ұйымдастырылды. Бұл шара жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға деген құрметті күшейту бағытында маңызды қадам болды.
Кездесу барысында А.Кесебаева және С.Бахтыяр жастар арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептері мен түрлеріне тоқталды. Олар әсіресе, буллинг пен сталкинг мәселелеріне ерекше назар аударды. Мұндай әрекеттердің адамгершілік пен заң алдындағы жауапкершілігі зор екенін атап өтіп, жастарды өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардар болуға шақырды. Сонымен қатар, заңды білмеу – құқық бұзушылықтың алдын алудағы кедергі екенін ескертті.
Дәурен Тұрғынбай жастарды XXI ғасырда ғаламтор арқылы таралып жатқан алдаушылық пен алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға үндеді. Ол интернет кеңістігінде болған қауіптер мен сақтық шаралары туралы кеңестер беріп, цифрлық қауіпсіздікке ерекше мән беруді ұсынды. Алаяқтардың түрлі әдістерін меңгеру арқылы жастардың өздерін және жақындарын қорғауға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар құқықтық мәдениеттің маңыздылығын түсіндіріп, заңды бұзбауға, заңды сыйлауға деген ұстанымдарын бекітті. Мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқарады. Болашақта да осындай танымдық кездесулерді өткізу арқылы жастардың құқықтық мәдениетін дамыту міндеті өзекті болып қала береді. Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, білікті заңгер, кәсіби медиатор, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Айжан Кесебаева, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Бөрібайұлы Тұрғынбай, Департаменттің бас маманы Самал Бахтыяр қатысты. Кездесуде А.Кесебаева, С.Бахтыяр жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг, сталкинг мәселелеріне тоқталып, бұл әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екенін айтты. Жастарды XXI ғасырда ғаламтор арқылы дамыған алаяқтық іс-әрекеттерден сақ болуға шақырды.
Сондай-ақ, спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды.







