Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм желісіндегі парақшалардың бірінде қала тұрғынының Қайтпас-2 мөлтек ауданында жол бойында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қатысты жарияланған шағымы анықталды.
Полиция қызметкерлерімен аталған жайт бойынша тексеру жүргізу нәтижесінде аталған құрылыс жұмыстарымен айналысқан Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмыс барысында тиісті жол белгілерін орнатпағаны үшін ЖШС-не ҚР ӘҚБтК 631 бабының 1 бөлігімен (Жолдарда жұмыстар жүргiзу, жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөнiндегi талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау) әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.