6 ақпан күні жалпықалалық сенбілік өтеді

356

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен 6 ақпан күні сағат 10:00-де жалпықалалық сенбілік өтеді. Сенбілікте мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың қызметкерлері және қала тұрғындары аулалар мен көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Шымкент әкімдігі қала тұрғындарын осы сенбілікке белсене қатысуға шақырады. Себебі, қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың парызы.

Сенбілік кезінде барлық қатысушылардан санитарлық шараларды қатаң сақтап, бетперде тағып, арнайы қолғап киюін және арақашықтықты сақтауын сұраймыз.
Шырайлы Шымкентті бірге гүлдендірейік!