9 көлік ұрлаған түркістандыққа сот үкімі шықты

260

Түркістан облысында 9 автокөлік ұрлаған ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұрланған автокөліктің барлығы Тәжікстан азаматтарына тиесілі екен.

Белгілі болғандай, сотталған адамның үйі Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» шекара бекетіне жақын орналасқан. Үйінің жанынан автотұрақ ашыпты. Шетелдіктер көлігін автотұрағына қалдырған. Алайда үй иесі көліктен көбірек пайда тапқысы келген сияқты.

6 автокөлікті сатып, үшеуін бөлшектеп, саудаға шығарыпты. Сөйтіп, ізін жасырған. Сол кезде барлығы 11 млн. теңге шығын келтірген. 31 жастағы ер адам бұған дейін де «Алаяқтық» іс бойынша сотты болған.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, Түркістан облысы ПД ресми өкілі: «Бүгінгі таңда автокөліктердің барлығы иелеріне қайтарылды. Ал, қылмыскер 4,5 жылға бас бостандығынан айрылды».

  Назерке Үкібасова