Шымкент қаласында Д. Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан жалпы 18,1 шақырым 7 учаскеден тұрады. Жалпы құны – 36 млрд.теңге.
Бүгінде «Сәуле» шағынауданына дейін жол құрылысын аяқтауға (І,ІІ,ІІІ,V кезеңдері) жалпы 18,2 млрд. теңге қажеттілігі туындауда. 2021 жылға дейін игерілген соммасы – 1,3 млрд.теңге. 2021 жылға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Аталған кезеңдерде 360 учаскені мемлекеттік мұқтаждыққа алу қажеттілігі туындауда.
Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының І кезеңі бойынша 2021 жылға дейін 368,0 млн теңге игерілген. 2021 жылға қаралғаны 61,0 млн теңге, қалған соммасы – 277 млн.теңге. Бірінші кезең бойынша жол жамылғысы, аяқ жол, арықтар, жиектастар, құбырлар орнату жұмыстары орындалды (80%).
Құрылыстың 2-кезеңі бойынша 2021 жылға 5,3 млрд теңге қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 89 учаскені алу қажет. Оның ішінде, коммерциялық нысандар – 34 (сауда нысандары – 33, АЖБ – 1), тұрғын үйлер – 37 (шамамен 1,7 млрд.теңге).
Құрылыстың ІІІ кезеңі бойынша 2021 жылға дейін игерілген сомма –691,0 млн. теңге. 2021 жылға 4,0 млрд.теңге қарастырылған. Қалған соммасы – 1,4 млрд.теңге. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 42 учаскені алу қажет. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 608 м кәріз құбырын салу, 3,4 шақырым кабель желілері және 24 бағана орнату жұмыстары аяқталды.
Құрылыстың V кезеңі бойынша 2021 жылға дейін игерілген сомма –210,0 млн теңге. 2021 жылға 935,2 млн теңге бөлу жоспарланған. Қалған соммасы – 9,2 млрд.теңге. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 239 учаскені алу қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңда жер жұмыстары орындалды.