Дәрігерлер көпбалалы отбасыларға көмек бермек

169

Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары, уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев пен Ельшад Набиев Отырар ауданының тұрғындарына дәрігерлік кеңес беруде. Білікті мамандар екі күн бойы Отырар ауданының тұрғындарын қабылдап, көмек көрсетеді.

Тәжірибелі мамандар несеп-тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық тас ауруы, бүйрек ісігі, қуық ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек жетіспеушілігі секілді аурулар бойынша науқастарды медициналық тексеруден өткізеді.

Осылайша Отырар ауданында туып-өскен азаматтар жерлестеріне көмек қолын созып, қамқорлық көрсетуде. Ал, медициналық кеңес беруден түскен қаржыны осы аудандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыстауды ниет етіп отыр.