2021 жылдың 4 ақпанында таңғы сағат 6:00-ден бастап Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовтың бастамасымен «Таза қала», «Мигрант» және «Қару» жедел профилактикалық іс-шараларының аясында Полиция департаментінің 400-ге жуық қызметкерлері Қаратау ауданы, Қайнар бұлақ саяжайында рейд өткізді.
Іс-шара барысында, жалпы 1712 тұрғын жайлар тексеріліп, 217 тұлға Қаратау АПБ-ның №54 және №55 учаскелік полиция пунктеріне жеткзіліп, қол саусақ іздері алынды. Нәтижесінде жеке басын анықтайтын төл құжатсыз жүрген 12 тұлға анықталды. Оның ішіндегі 3 азамат қабылдау орталығына орналастырылды.
Тексеру барысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды. Атап айтқанда:
— ұрлық қылмысына қатысты 1 адам;
— қарақшылық қылмысына қатысты 1 адам;
— 1988 жылы туылған азаматтың шалбарынан «9 ММ» оқ-дәрі;
— 1977 жылы туылған азаматтың киімінен «марихуана» есірткі затына ұқсас зат тәркіленді;
— ұсақ-түйек жымқыру қылмысын жасаған 1 күдікті;
Тіркелген 24 қару иелері тексеріліп, оның ішінде 2 тұлғаға қатысты қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен 2 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 49 әкімшілік хаттамалар толтырып, 3 автокөлік арнайы авто айып тұрағына қойылды.
«Таза қала» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша жалпы 165 әкімшілік хаттама толтырылды.
Жалпы 32 азық-түлік дүкендерін тексеру барысында спирт өнімдерін сатуға лицензиясы болмаған 2 жайт анықталып, жинақталған іс-құжаттары Кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша басқармасына, процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.
Қайнар Бұлақ саяжай аумағындағы базар, сауда қатарлардың, дүкендердің иелеріне бейнекамералар орнату туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Саяжай аумағындағы тұрғын үйлердің түнгі мезгілде автокөліктерді үйлерінің ауласына қою немесе дыбыс қағу құрылғыларын орнату, тұрғындар арасында кезекшілік ұйымдастыру секілді түсіндіру жиындары арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде.