Өткен жылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысында дүниеге келген сәбилер арасында ұл балалар көп. Осылай деген аймақтардың статистика мамандары былтыр мегаполис пен өңірде бала туудың 10 пайызға артқанын айтады. Мәселен 2019 жылы Шымкентте 28 мыңнан аса сәби дүниеге келсе, былтыр 31 438 шақалақ туылған.
Карантин режимі енгізілген жылы үйленгендер мен ажырасқандар қатары сиреген. Шымкент қаласында үйленгендер саны 17 пайызға кеміген. Ал, Түркістан облысы бойынша был 13 463 отбасы құрылған. Оның 9316-сы ауылда , 4147-сі қалада тіркеліпті. Осылай деген статистика комитетінің өкілдері ажырасудың 60 пайызға азайғанын айтады.
Былтыр аймақтарда өлім көрсеткіші де артқан. Мәселен, Түркістан облысында 2019 жылмен салыстырғанда өлім саны 24 пайызға көбейген. Пандемия салдарынан күнгейде 13 003 адам ажал құшыпты.
Назерке Үкібасова