Шымкенттегі Фосфоршылар сарайы алдағы уақытта Жастар және оқушылар сарайы болмақ

200

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

Бұл қаланың белсенді жастарының көптен бергі арманы еді десе де болатындай. Тозығы жеткен ғимарат енді жастар үшін есігін айқара ашпақ.

Әкім есеп беру кездесуінде жақын болашақта қазіргі «Фосфор» сарайында жастар сарайы мен жаңа оқушылар сарайы болатынын айтты!