Ақ қанмен күресіп жатқан Виктория Бекке түркиялық дәрігерлер С гепатиті деген тағы бір диагноз қойды.
Бұл дерт 8 жасар науқасқа инъекция арқылы енгізілген деген болжам жасалынуда. Өйткені Түркістан облысының кішкентай тұрғынына соңғы екі жылда күнделікті егу жасалған.
Қазақстандық дәрігерлер аты жаман ауруды емдеуге қауқарсыздық танытқандықтан, бүлдіршін қазіргі таңда Түркияда емделуде. Көп уақытты жіберіп алғанына қарамастан дәрігерлер науқас айығып кетуі мүмкін деп көмек көрсетуде. Алайда қайырымды қазақстандықтардың көмегінсіз емдік шараларын жалғастыру мүмкін емес дейді науқастың анасы.
Наталья БЕКК, Виканың анасы: «Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында 34 мың АҚШ доллары жиналды. Қызымыз Түркияға жеткізілді. Қазір Виктория ем қабылдауда. Бір айға 18 мың доллар төледік. Алда-сүйек кемігін трансплантациялау жоспарланған. Саралаудың қорытындысы бойынша Викадан гепатит С ауруы анықталды. Барлық мейірімді адамдардан көмек сұраймын. Қолдау көрсетіңіздерші. Қызымыз мықты, өмір сүргісі келеді».
Айта кетейік, 8 жастағы Виктория лимфобластикалық лейкемия қан қатерлі ісігі індетіне шалдыққан. Науқас аурумен екінші жыл күресуде. Алайда індет өршіп барады. Бірақ қыздың ата-анасы үміттерін үзбей, қолдарынан келген амалдарын жасауда. Ауыр дертпен күресіп жатқан бүлдіршінге қол ұшын беремін дейтін қайырымды жандар болса, назарларыңызға арнайы есепшотты ұсынамыз.
HALYK BANK: 5354510099878653
Sberbank: 4578320014653402
Kaspi Gold: 4400430177596563
Байланыс телефоны: 8-778-618-59-00