Үкімет елдегі ең төменгі жалақы мөлшерін көбейтпек. Бұл туралы премьер-министр мәжілісмендер сауалына жауап бергенде мәлімдеді.

Асқар Мамин сөзінше ол үшін бюджеттен қосымша қаржы қаралмақ. Бұл мақсатта жауаптылар тағы да есеп жүргізеді дейді үкімет басшысы.

Айта кетейік, 2021-2023 жылғы жаңа бас келісімді жұмыс берушілер бірлестігі іске асырады. Ал, жан басына шаққандағы шығысты еліміздегі статистика органы есептейді.

Асқар МАМИН, ҚР Премьер-министрі: «ҚР Үкіметі халықтың әл-ауқатын жақсарту және табыстарының артуын қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Халықтың шынайы табысының деңгейін одан ары арттыру мақсатында ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ең төменгі жалақыны инфляция деңгейінде көтеру. Екіншісі – ең төменгі жалақыны орташа айлық жалақының 30 пайызы мөлшерінде бекіту. Үшіншісі – ең төменгі жалақыны медициналық жалақымен байланыстыру мүмкіндігі»