Кентау: Тозығы жеткен мектеп

236

Кентаудағы дәл осы мектептің шәкірттері ҰБТ-дан жоғары балл жинауымен белгілі. Көбісі бүгінде белгілі кәсіпкер, саясаткер және дәрігер атанған. Алайда, олардың білім нәрімен сусындаған ордасы бәз баяғы қалпында. Осы жерді 10 жылдан бері басқарып келе жатқан Үмбет Байымбектовтың айтуынша мұндағы ұстаздар мықты. Тиісінше олардан тәлім алған шәкірттердің осал болуы мүмкін емес.

Үмбет БАЙЫМБЕТОВ, Кентау қаласындағы №3 мектеп директоры: «Біздегі ұстаздар нағыз кәсіби мамандар. Барлығында жоғары санат бар. Осының арқасында біздің мектеп республика бойынша белгілі. Көрсеткен нәтижелер кеудеге мақтаныш ұялатады».

Бірақ, мектеп ұжымы жоғары нәтижеге қол жеткізгенімен олардың отыратын білім ордасы оған сай болмай тұр дейді. 68- жылдық тарихы бар білім ұясы талайдан бері жөндеу көрмеген. Шәкірттер мен ұстаздардың бас ауруына айналған мәселеге нүктенің қашан қойылары әлі күнге дейін белгісіз. Мұны мектеп басшысы да мойындап отыр.

Үмбет БАЙЫМБЕТОВ, Кентау қаласындағы №3 мектеп директоры: «Мен жауаптылардан осы мәселені шешуді сұрап, талап етемін. Менің мойнымдағы жауапкершілік екенін түсінем. Бұл жерден еліміздің болашақ білімді ұрпағы тәрбиеленіп шығуда. Журналистер, дәрігерлер, банкирлер мен бизнесмендер де жетерлік».

Ал, жергілікті білім бөлімі мектепте жөндеу жұмыстарының қашан басталарын әлі нақты айта алмай отыр. Әзірге мемлекеттік білім беру орталығының күні осы жерден түлеп ұшқан түлектер қаржысына қарап тұр.

Назерке Үкібасова