Наурыз мерекесіне орай қала әкімі перзентханадағы аналарға құттықтау жолдады

167

Нағыз әкім — халыққа жақын әкім деп бекер айтылмайды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Қалалық перзентханада босанған аналарға, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы құттықтау — тілегін жолдады.

Жақсы сөз жарым ырыс демекші, «Айналайын бөбегім, өмір жолың ашық болсын, өс, өн, жұлдызын жарқырай берсін» деген бірауыз жылы сөздің өзі Аналар мен бөбектерге де, перзентхана қызметкерлеріне де керемет мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын, ақ мол болсын, дастарханымыз берекелді, сәбилеріміз көп болсын, ұжымдастарымыз абыройлы болсын