Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде атауы жоқ 325 көшеге атау берілді.

Олардың қатарында еліміз үшін жоғары маңыздылыққа ие басылым атаулары мен радио, әдеби шығармалар атаулары бар. Мәселен Қаратау ауданы Бозарық саяжайындағы атауы жоқ көшелерге ғасырдан астам өмір сүріп келе жатқан республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің құрметіне қойылған «Егемен Қазақстан, сонымен бірге Ана тілі, Қазақ радиосы, Жас алаш, Абай жолы, Қалқаман – Мамыр, Ақ білек, Қамар сұлу секілді көше аттары пайда болды.

Одан өзге қаламыздың тарихын айшықтайтын, табиғи ерекшеліктері мен өлке өзгешелігін ескеріп, тау-тас, сай-сала, өзен-көлге лайықты атаулар да берілді.

Еске сала өтсек, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес елімізде идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су, дәстүрлі атауларымен өзгерту, ономастикалық атауларға кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қойылған болатын.