«Қуатжылуорталық-3» мекемесіндегілер шахарда жылыту маусымы Шымкент қаласы әкімінің өкімімен 1-ші сәуірге дейін жалғасады. Мұндай шешім ауа райының салқын болуына байланысты қабылданған. Жылуберушілердің мәлімдеуінше 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымы былтыр 15-ші қазанда бастауын алған болатын. Маусым 143 күн жалғасып, 24-ші наурызда аяқталуы тиіс болатын.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, сәуірдің алғашқы күндері ауа райы салқын. Сондықтан да жылуберушілер жылыту маусымы мүмкін 5-ші сәуірге дейін созылуы әбден мүмкін. Бұл мәселе қала әкімдігінде талқылануда.