Шымкентте жылыту маусымы созылады ма?

148

«Қуатжылуорталық-3» мекемесіндегілер  шахарда  жылыту  маусымы Шымкент қаласы әкімінің өкімімен  1-ші сәуірге дейін  жалғасады. Мұндай шешім ауа райының  салқын  болуына байланысты қабылданған.  Жылуберушілердің мәлімдеуінше 2020-2021 ж.ж. жылыту маусымы былтыр  15-ші қазанда бастауын алған болатын. Маусым 143 күн жалғасып, 24-ші наурызда аяқталуы тиіс болатын.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, сәуірдің алғашқы күндері ауа райы салқын. Сондықтан да жылуберушілер жылыту маусымы мүмкін 5-ші сәуірге дейін созылуы әбден мүмкін. Бұл мәселе қала әкімдігінде талқылануда.