Спорт киімдеріне ата-аналардан ақша жинау заңсыз

125

«Шымкент жастар лигасы» ойындары басталғаннан бері балалардың ата-аналары арнамызға хабарласып, жарысқа қатысатын команданың  спорт киімдеріне ақша жинау заңды ма деген сұрақтар жолдауда.

Бұл сауалды біз қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева қойған едік.Жанат ТӘЖИЕВА, қалалық білім басқармасының басшысы: «Білім ұйымдарының әрбірінің спорт киімдері болатын. Ашық шағымдар әзірге тіркелген жоқ. Тіркелген жағдайда қосымша қабылдау жұмыстарын басшылыққа алатын боламыз. 150 бағдарламаға сәйкес, білім ұйымдарына бөлінетін қаражаттан спорт киімдерін сатып алуға болады. Ата -аналардан бір теңге  де алынбайды. Осындай жағдай болса, міндетті түрде басқармаға хабарласу қажет».

Шынар Оразова