«Ынтымақ» шағынауданы тамызда ауыз сумен қамтылады

123

Шымкенттегі «Ынтымақ» шағынауданы ақыры ауыз сумен қамтылатын болды. Талайдан бері өркениетке қол жеткізе алмай жүрген аумаққа қала әкімі арнайы барған болатын.

Тұрғындармен кездесуге Мұрат Әйтеновтен бірге басқарма басшылары да келді. Және аудандағы жағдайды өз көздерімен көрді.

Айта кетейік, аталған аумақта ауыз су, мемлекеттік жарық, тегіс жол мен мектеп атымен жоқ. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы «Ынтымақ» тұрғындарының тамызға дейін ауыз сумен қамтылатынын жеткізді.

Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталмақ. Бұдан бөлек, шағалтас төселген 3 көше асфальтқа ауыстырылмақ. Осылай деп тапсырма берген қала әкімі көп ұзамай мектеппен де қамтуға уәде берді.

 Назерке Үкібасова