Жұмыртқа мен күнбағыс майын арзандатпақ

312
Россия. Санкт-Петербург. Гипермаркет Лента.

Жұмыртқа мен күнбағыс майы бағасын арзандатпаса өндірушілер мен жеткізушілер тексеріледі. Бұл туралы еліміздің бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Жауаптылар сөзінше тауық жұмыртқасы биыл 11,5% ға қымбаттаған. Үй құстарының тұқымы әсіресе Семей, Өскемен, Қостанай қалаларында аспандаған. Ал, күнбағыс майының бағасы шарықтаған аймақтар көшін Шымкент қаласы бастап тұр.

Үшінші мегаполисте сұйық май 14,6% өскен. Осылай деген агенттік өкілдері бұған мұнай бағасының қымбаттауы мен құс тұмауын себеп дейді.

  Назерке Үкібасова