Бір тәулікте коронавирустан 26 қазақстандық қайтыс болды

70

Соңғы тәулікте коронавирустан 26 қазақстандық қайтыс болды. Оның бесеуі кви белгісі бар пневмония жұқтырған. Осылайша елімізде індеттен ажал құшқандар саны өкінішке орай 3286-ға жетті.

Ал, індет жұқтырғандар қатары 276054 болды. 13 сәуір көрсеткіші бойынша кви тағы 2229 азаматтан анықталған. Оның 74 Шымкент қаласының тұрғындары.

Қала бойынша қазір 335 науқас ем қабылдауда. Оның 19-ның жағдайы өте ауыр. Жалпы Қазақстан бойынша 579 науқастың жағдайы ауыр. Тағы 1584 науқас тәжівирусты жеңіп, үйіне шықты.

Назерке Үкібасова