Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде әлеуметтік желілерде дендросаябақ аумағында автокөлікпен жүрген азаматтардың бейнежазбасы тарады.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде аталған автокөліктің жүргізушісі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 1-бөлігімен «Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру» әкімшілік хаттама толтырылды.
Көрсетілген бапқа сәйкес азаматқа он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.