Екі шымкенттік коронавирустан қайтыс болды

53

Өткен тәулікте тағы 3000-ға жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды. Оның 114-і Шымкент қаласының тұрғындары.

Осылайша қала бойынша індет жұқтырғандар саны 9226-ға жетті. Айта кетейік, ел бойынша қазір вирустан 42 мыңнан астам науқас емделіп жатыр. Оның 760-сының жағдайы ауыр. Ал 114-і өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған.

Күні кеше қатерлі індеттен ажал құшқандар да тіркелді. Ел бойынша 29 сәуірде вирустан 22 қазақстандық қайтыс болса, оның екеуі Шымкенттен. Ал, 6 жерлесіміз қауіпті ауруды жеңіп шықты. Ковидке қарсы екпе қабылдағандар да көбейіп келеді. Күні кеше тағы 6930 шымкенттік вакцина қабылдады. Осылайша мегаполисте екпе салдырғандар саны 95985 ке жетті.

Назерке Үкібасова