Шымкент қаласы тұрғындарының арасында мал ұстайтын көршілеріне нарызылар жеткілікті. Әсіресе, күн ысығаннан бері арызданушылар қатары да көбейеді.
«Жеке секторда тұратын азаматтарға неше мал басын ұстауға рұқсат?»-деген сауалды қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы Асқар Қаныбековке қойған болатынбыз.
«Қала аумағында мал ұстауға шектеу жоқ, алайда тұрғындар талаптарды орындауы тиіс, ол төмендегідей:
1 ешкіге 11.7 шаршы/метр
1қойға 11,6 ш.м.
1 сиырға 30,1 ш.м.
1 жылқыға 38 ш.м.
қорасында орын болуы шарт»,- дейді басқарма басшысы.
Санитарлық талаптарды орындамаған мал ұстайтын азаматтарға қатысты шағымдарыңыз болса, қала әкімдігіне жолдаңыз. Арызыңыз бойынша ветеринария инспекциясы шара көреді.
Шынар Оразова