Шымкентте қатерлі індет жұқтырғандар екі есе көбейген. Мәселен, өткен аптада вирус күніне 20 азаматтан анықталып отырса, соңғы тәулікте жұқпалы ауру 47 шымкенттіктен табылған. Бұл туралы қаланың бас дәрігері мәлімдеді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов жыл басынан бері коронавирустан 15 жерлесіміз көз жұмған дейді. Ал, 18 жасқа дейінгілер арасында 200 науқас тіркелген екен.
Айта кетейік, күні бүгін қаламызға тағы вакцинаның 10 мыңнан аса дозасы жеткізілді. Ал, бірінші және екінші сәуір аралығында «Спутник ви» вакцинасының 7300, «Казковидтің» 2400 дозасы әкелінеді.
Бұл екпелер созылмалы ауруы бар науқастар мен 65 жастан асқан азаматтарға салынбақ. Еске салайық, бүгінге дейін 7351 шымкенттік қатерлі індетке қарсы екпе салып үлгерді.
Назерке Үкібасова