Шымкент «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

201

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 4 сессиясы өтті. Депутаттардың қарауына ұсынылған екі мәселенің бірі-Әл Фараби ауданы әкімін тағайындау.

Бұл қызметке ұсынылған Рашид Мыңбаевтың кандидатурасы барлық тұрақты комиссияларда қаралған болатын. Сондықтан да бүгін сессияда депутаттар Рашид Мамытұлы Мыңбаевты 220 мың халқы бар Әл Фараби ауданының әкімі лауазымына тағайындауды баруыздан қолдады.
Рашид МЫҢБАЕВ, Әл-Фараби ауданының әкімі: «Қала әкімі бірқатар  міндеттерді  жүктеді. Коммуналдық  мәселелер, оның ішінде, жарықтандыру, жол, ирригациялық жүйелердің жағдайына басты назар аударып, ондағы түйіткілдерді шешуге  тапсырма алдым. Жер  мәселесі де назарда болады».

Бұл кадрлық ауыс-түйіске байланысты қала әкімдігінің дербес құрамына енгізілген өзгерістермен депутаттар келісті. Сонымен қатар сессияда сөз алған қала әкімі короновирусқа қатысты шаһардағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып өтті.

Індетті жұқтырған науқастардың саны көбейіп, Шымкент жасыл аймақтан сары аймаққа өтті. КВИ пандемиясын ұжымдық иммунитетті құру ғана тоқтата алатынын алға тартқан шаһар басшысы депутаттарды вакцинациияның маңыздылығы жайлы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.

Шынар Оразова