Шымкентте 21 ҰОС ардагеріне 1 млн. теңгеден астам ақшалай әлеуметтік көмек беріледі

143
Абай ауданында тұратын ҰОС ардагерлері-2020 жыл

Алдағы мамыр мерекелері қарсаңында  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітілген бір реттік ақшалай төлем жасау бойынша жұмыс атқаруда. 9 мамыр- Жеңіс күніне орай Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жыл сайынға бір реттік ақшалай төлеммен қамтылады.
Ұлдана БЕКБАУ, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:» Шымкент қалалық мәслихаттың шешімімен 9 мамыр- Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласындағы  21 ҰОС ардагеріне  Жеңіске қосқан үлесі үшін жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек –  360 АЕК,  яғни 1 050 120 теңге  көлемінде  қаржы аударылады.  Сондай-ақ шахардағы 3300 тыл ардагеріне  12 АЕК, яғни  35 мың теңге 4 тиын есеп шоттарына аударылады».