Úı ANONS Мамандар тұрғын үйлерге жылу беру кезінде ескеретін жәйттарды хабарлайды

Мамандар тұрғын үйлерге жылу беру кезінде ескеретін жәйттарды хабарлайды

Шымкент қаласында жылыту маусымы 20 қазаннан басталды. Дәл қазіргі таңда төрт аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Осы тұрғыда қала тұрғындарының назарына жылуды қосу жұмыстары кезінде мына жайттарды назарға алуға шақырамыз. Жауапты мекеме жылуды көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығамдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.