Түркістан қаласының үш мың жылдығын айғақтайтын тұжырымдамаға ғалымдар қол қойды

135

 

Бұған дейін Түркістан қаласына 3000 жыл екендігі дәлелденгені белгілі болғанын хабарлаған болатынбыз. Осы орайда, Түркістан қаласы аумағында табылған тарихи жәдігерлердің қола дәуіріне жататынын растайтын тұжырымдамаға Америка, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қол қойды.

Бұл тұжырымдама ЮНЕСКО-ның Парижде орналасқан бас кеңсесіне жіберіледі. Қазірде тұжырымдама бойынша, Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғаны туралы декларацияға құжаттар әзірленуде. ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан құжаттар мақұлданған бойда, індет аяқталса Түркістанның үш мыңжылдығы аталып өтіледі деп жоспарлануда.