Алматыға биыл үш айда 17 мың адам көшіп кеткен

106

Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларына көшетіндер саны кұрт артқан.

Шымкент

Еліміздің түкпір-түкпірінен үш мегаполиске қоныс аударғандар саны соңғы жылдары артып барады. Статистика бюросы бірінші тоқсанда 85 мың адам бір өңірден екіншісіне көшіп, тұрақты тіркеуін ауыстырғанын хабарлады. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 10 пайызға көп.

Әсіресе Алматыда тұрғысы келетіндер басым. Мұнда үш айда 17 мың адам көшіп барған. Ал ел астанасына 16 мың адам қоныс аударды.

Шымкентке 13 мың, Түркістанға 9 мың адам бір жылда көшіп барған. Мамандар бұған өңірлерде жұмыс орындарының тапшылығы себеп дейді.

Шынар Оразова