Шымкент: Электр қуаты уақытша сөндірілді

119

Бүгін 2021 жылдың 30 мамыры күні 110 кВ «Восточный» қосалқы станциясының № 27, 30 ұяшықтарынан шығатын 10 кВ әуе желісі Арғынбеков көшесі бойы, Шаяхметов-Бәйтереков аралығын 10 кВ жер асты кабеліне ауыстырылуына байланысты Нұрсәт, Солтүстік шығыс, Шапағат-2, Тараз шағын аудандарында электр қуаты уақытша сөндірілді.

Қазіргі уақытта “ОңтүстікЖарықТранзит” ЖШС мен “ҚуатЖылуОрталық-3” МКК-нің 20-ға жуық қызметкерлері жұмыс істеуде.

Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауға шақырып, келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!