Шымкент қаласының әкімі АҚШ-тың бас консулымен кездесті

66

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Ондағы мақсат сауда-экономикалық және инвестициялық мәселелері мен мәдениет, білім және БАҚ саласындағы әкімдік пен АҚШ арасындағы дипломатиялық мүмкіндіктерді талқылау.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Шымкент қаласының АҚШ-пен сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар мен наурызда 4,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінде Шымкент – инфрақұрылымы дамыған ірі өндірістік- индустриялық орталық. Шымкентте көлік-логистикалық орталық, арнайы экономикалық аймақ және екі индустриалды аймақ табысты жұмыс істейді. Қала аумағы арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль магистралі өтеді. Біздің басты мақсатымыз – қаланы адам өмірі үшін қолайлы және бизнес жүргізу үшін жайлы мегаполиске айналдыру. Оған жету үшін біз әр түрлі салаларда қалаға инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз».

Отырыс барысында қала әкімі 27 жыл ішінде әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететін жалпы саны 70-тен астам мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылғандығын атап өтті.

Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов кездесу мүмкіндігін пайдалана отырып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған ірі инвестициялық жобаларды қарастыруда ашық және сындарлы диалогқа дайын екендігін айтты. Сонымен қатар, терең өңдеу саласына инвестиция салуға шақырды.