Түлкібас ауданында алғашқы Арбат демалыс орны жақын күндері ашылады. Күзде салына бастаған демалыс орны жаз айының басында ел игілігіне беріледі.
Жауаптылар құрылыс жұмыстары кезінде барлық заманауи талаптар ескерілді дейді.
Түлкібас ауданында пайда болған алғашқы Арбат жақын күндері ел игілігіне беріледі. Демалыс орны — аудан орталығындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының орнына орналасқан. Мамандардың айтуынша, маусымның алғашқы күндерінде демалыс орны ресми түрде ашылады. Ал жергілікті тұрғындар болса, бұл күнді тағатсыздана күтіп жүргендерін айтады.
Тұрғын: «Бала-шаға келіп ойнап жатыр, сол қуаныш. Осыны істеп жатқан мемлекетке рахмет».
Арбаттың қос қапталынан субұрқақ орналасқан, ал саяжолға түрлі-түсті бедерлі тас төселген. Сондай-ақ, орындықтар қойылып, шамдар ілінген. Бұл жұмыстардың барлығына мемлекеттен 64 млн. қаражат бөлініпті.
Алмас Бейсеев, Түлкібас аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:» Бүгінгі таңда Арбаттың жұмыстары 98 пайызға бітті деп айтуға болады. Қазіргі таңда ауданның тұрғындары толығымен Арбатқа келіп, ата-аналар өздерінің бала-шағаларымен жаңадан қосылған фонтанға, заманауи талаптарға сәйкес жасалғанына тамсанып, таңғалуда».
Сонымен қоса, Арбаттың жанынан ұлттық парк те ашылғалы отыр. Бұған бюджеттен 48 млн. теңге қаржы қаралған. Мұнда жаңа үлгідегі балалар алаңқайы салынып, халықтың көз қуанышына айналмақ.