Түркістан қаласынан Қырғызстанға ұшақ қатынайды

143

 

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуекомпаниясы Түркістан-Бішкек-Түркістан жаңа бағыты бойынша билет сатылымын ашық деп жариялайды.

Бішкекке тұрақты рейстер 31 мамырдан бастап, аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістан арқылы орындалады. Билеттер әуекомпанияның мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді.

Мамыр айында оныншы Airbus A320 ұшағын флотқа қосқан әуе компаниясы бұдан да көп бағытта болашақта жүзеге асырмақ. Жалпы, бүгінде қызмет көрсетіп жатқанына кі жыл болған әуекомпания 3 млн-нан астам жолаушыны тасымалдады. Бүгінде FlyArystan ұшақтары Қазақстанның 14 қаласына қатынайды. Наурызда FlyArystan Түркістан мен Ыстамбұлды және 2 мамырда Атырау, Ақтау және Нұр-Сұлтан қалаларын Грузияның Кутаиси қаласымен байланыстырды.