Үнді шәйі қымбаттауы мүмкін…

78

Үнді шәйі қымбаттауы мүмкін. Өйткені Үндістандағы эпидахуал ушығып барады.

Шәй кеңесі басшысының айтуынша елдегі ең ірі экспорттаушының барлық алқабында дерлік жұмысшылардан коронавирус анықталған. Қатаң карантиннің кесірінен өнім жиналмай, өндіріс баяулаған. Әрі құрғақшылық та жығылғанға жұдырық болып тұр. Сол үшін тапшылықтан баға көтерілуі мүмкін.

Айта кетейік Үндістан Қытайдан кейінгі ең ірі шәй экспорттаушы. Жылына 900 мың тонна тауарды сыртқа тасымалдайды.

Шынар Оразова