Жеңілдікпен автонесие алу үшін қаржы қашан бөлінеді?

197

Қазақстандықтар жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бөлінетін кезекті ақша аударымын күтіп отыр.

Шымкент. Автокөліктер

Жыл басынан бері жеңілдетілген несиемен тек 302 отандық көлік сатылған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі: «Биыл Ұлттық Банк қаражатынан 20 млрд теңге көлемінде кезекті транш жіберу көзделген еді. Бірақ ақша әлі түспей отыр. Біз Қазақстанның Даму Банкіне қаржы мейілінше тез бөлінеді деп үміттенеміз».

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын ЕДБ арасында қаржыны бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін жұртшылықты хабардар етуге уәде берді.

Еске салайық, жеңілдетілген несиемен алынатын көліктерге арнайы талаптар қойылады. Ол Қазақстанда жасалуы тиіс. Құны 15 миллион теңгеден аспайтын теміртұлпар болуы да шарт. Сонда ғана көлікті сатып алу үшін жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз болатын жеті жылға дейін несие беріледі.

Шынар Оразова