Өткен тәулікте КВИ— дің 31 жағдайы тіркелді

98

 

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 2948 адам вакцина салдырды: I компонент – 2147, II компонент – 801. Егу науқаны басталғалы барлығы 185 854 адам вакциналанды. Оның ішінде 93 560 адам вакцинаның екі компонентін алды.

6 маусым күні КВИ-дің 31 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 18, белгілері жоқ – 13). 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар.

Сондай-ақ, өткен тәулікте шаhарда 191 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 7 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Вакциналау бекеттерінің саны артып келеді. Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.