Қала күніне орай зообаққа кіру тегін болады

111

Қала күніне орай Шымкентте түрлі іс-шаралар қолға алынуда. Солардың бірі, мерекелік бағдарламалар аясында 18, 19, 20 маусым күндері Шымкент зообағына кіру тегін болады.

Халық көп келетін демалыс орындарының бірі саналатын зообаққа келушілер міндетті түрде ASHYQ қосымшасы QR арқылы кіреді.

Келушілер карантин талаптарын сақтап, бетперде тағу міндетті.