Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте журналистердің сұрағына және жауапқа басымдық берді.
БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген облыс басшысы өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынған «Қасқасу» тау — шаңғы курортындағы бүгінгі жұмыстарға тоқталды. Бүгінде мұнда инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.
«Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 млн. адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мысалы, «Қасқасу» тау-шаңғы жобасын Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында құру жоспарланған. Жоба туристік саланы дамытудың 2019 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.
2019 жылы жоба Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді. Жобаның сыртқы инженерлік-инфрақұрылым соммасы – 3,6 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде (Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар). Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде.