Сарыағаш тұрғындары электр бағанының басына шығып алып, түсе алмай қалған маймылды көрді. Аймақ үшін ерекше жануарды Түркістан облысына жергілікті тұрғын әкелген екен.

Оның айтуынша, маймылды басқа жаққа апара жатқан кезде макака тордан шығып, бағанаға көтеріліп кеткен. Жануарды ұстау үшін ер адам пневматикалық тапаншаны аспанға қарата оқ атқан. Маймыл жерге түскенде, оны ұстап алып, қайта торға қамап алып кеткен. Жергілікті тұрғын «макака» тұқымды маймылды Өзбекстан Республикасынан алыпты. Оны Сарыағаш ауданында қайта сатпақ ниетте болған екен.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Қазіргі уақытта Сарыағаш АПБ полицейлері маймыл иесінің әрекеттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды зерделеуде. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда».

 Олжас Айдарбек