Шымкент: Бас штаб комиссиясы әскери қызметшілердің оқуын қорытындылады

188

 

Мамандық бойынша дайындық бағдарламасын меңгерген 700-ден астам әскери қызметшілер емтихандар мен сынақтар тапсырды.

Бас штаб комиссиясы әрбір әскери-есептік мамандық бойынша әскери қызметшілерге тексеру жүргізді. Штаттық қару-жарақ пен техниканың функционалдық міндеттерін, материалдық бөлігін, оларды сақтау және пайдалану тәртібін білу – осының барлығын әскерилер жатқа білуі қажет. Әскери қызметшілер іс жүзінде осы уақыт ішінде қару мен жауынгерлік машиналарды қалай меңгергендерін көрсетті. Оқу-полигонында емтихан нормативтерді тапсыру түрінде өтті. Орындалудың дұрыстығын комиссия мүшелері қадағалады.

— Комиссияның тексеру нәтижелері офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлік деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік берді. Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлім «жақсы» деген жалпы баға алды, – деп атап өтті комиссия төрағасы полковник Қанат Қазизов.

Әскерлерді даярлаудың келесі кезеңі бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды үйлестіру болады, онда әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында өз білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсетеді.