Úı ANONS Референдумда 369 комиссия жұмыс істейді

Референдумда 369 комиссия жұмыс істейді

15 наурызда, яғни осы жексенбіде  жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Қалалық  аумақтық референдум комиссиясының мәліметінше, саяси науқанды өткізуге Шымкент қаласы бойынша 369 комиссия қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 6 аумақтық, 363 учаскелік комиссия бар. Сондай-ақ 24 жабық учаске қарастырылған. Олар — емханалар, тергеу изоляторлары мен қарттар үйлері.

Шымкент қаласы  аумақтық референдум комиссиясының мәліметі бойынша  шаһарда
сайлаушылардың саны 695 145 адамды құрады. Қосымша тізімге   биыл 1 115 адам әскери қызметшілер және 560 студент қосылыпты. Өткен референдуммен салыстырғанда сайлаушылар саны 31 726 адамға немесе 4,5 пайызға өскен. Бүгінгі күнге барлық 363 референдум учаскесі  сайлау науқанына сақадай сай. Шақыру қазаздары да таратылды дейді-комиссия төрағасы.

ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Егов арқылы мекенжайын… 27 ақпанан 10 наурызға дейін әрбір сайлаушыға қолма-қол тапсырылды».

Бұдан бөлек, азаматтарды референдумға шақыру мақсатында қаламыздың 150 көрнекті орындарында баннерлер мен ЛЕД экрандарында орнатылды. Сонымен қатар  20 мың дана А3 Форматта шақыру плакаттар көп шоғырланған жерлерде, сауда орындарында, көпқабатты үйлердің кіреберістерінде жапсырылған.

Әрбір сайлаушының ұялы телефонына референдум өтетіні жайлы хабарлама да жолданды. 15 наурызда сапарда болатын сайлаушылардың қалай дауыс беретіне  де қарастырылғанын айтады жауаптылар.

ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҚТЫҚ   РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Әрбір сайлаушы сол күні егер өз қаласында болмай, басқа жерге Астана, Түркістанда болса, есептен шығару куәлігін алып, сол барған мекен жайдың кез келген учаскесінде дауыс беруіне болады».

Референдумға қатысты қажетті ақпаратты shm.saylaw.kz сілтемесі арқылы Telegram қосымшасынан, сондай-ақ 109 бірыңғай call-орталығы арқылы білуге болады.

•          109 біріңғай call-орталығы;
•          Абай ауданы 8 (7252) 77-70-67;
•          Әль-Фараби ауданы 8 (7252) 39-02-01;
•          Еңбекші ауданы 8 (7252) 43-30-05;
•          Қаратау ауданы 8 (7252) 77-90-86;
•          Тұран ауданы 8 (7252) 53-04-48;